Қытайда ең ұзын жаңа жылдық торт пісірілді
10:16, 03 Желтоқсан 2011
АСТАНА. 3 желтоқсан. ҚазАқпарат. Әлемде пісірілген торттардың ішінде ең ұзыны болып табылатын оны 80 қытайлық аспаз дайындады. Ваниль және ащы шоколадтан жасалған аспаздық ғажайыптың ұзындығы бір шақырымнан асты (тура 1068 метр). Салмағы - 1,5 тонна болды.
Аспаздар туындысын Шанхай қаласынының «Pudong Shangri-la Hote» салтанатты қонақ үйінде ұсынды. Жалпы алғанда рекордтық табысқа жеткен тортты 80 аспаз бір апта бойы дайындады. Оны дайындау үшін 904 жұмыртқа, 1045 кг. ұн, 209 кг. қант, 401 кг. ащы шоколад пен 34 кг. тай ванилі қолданылды.
Шоколад глазурін жамылған, ішінде ваниль бар бұл десертті дайындаудың толық рецептін Шанхай қонақ үйінің бас аспазы Юсуф Яран құпия қылып сақтап отыр. Тортты сатудан түскен табыс балалардың химия терапиядан өтуін төлеуге жұмсалады.