Қытайда ер адам кепілдік ретінде алты жасар немересін тастап кеткен

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сияо есімді алты жасар қыз бір айдан астам уақыт спа-салонда мекендеуде. Ол Куньмин қаласындағы мекемеге атасымен келген, деп жазады шетелдік БАҚ.

Салонның бірнеше қызметтерін пайдаланған ер адам әмиянын ұмытып кеткенін байқап, ақшаны әкелуге кеткен. Кепілдік ретінде немересін қалдырып кетеді. Аз уақыттан соң келем деген ол сол күйі оралмайды. Ер адам немересімен Куньминға демалуға келген екен.

Бір тәулік өткеннен кейін немересін әкетуге ер адам келмеген соң салон қызметкерлері қыздың жататын орнын дайындаған. Кейін олар теледидар, ал тұрақты клиенттері киім мен ас әкеліп отырған.

Бұл оқиға жергілікті БАҚ арқылы хабарланған соң, Куньмин тұрғындары әлеуметтік қызметкерлерден қыздың атасын тауып беруін талап етті. Алайда әзірге оның атасы табылмады.