Қытайда ерлі-зайыптылар 54 жыл үңгірде тұрып келген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың оңтүстік-батысында Сычуань провинциясынан ерлі-зайыптылар 54 жыл үңгірде тұрып келген, биліктің үгіттегеніне қарамастан тұрған жерлерінен кеткісі жоқ, деп хабарлады Жэньминь жибао - People's Daily.

Басылым деректеріне сәйкес, 81 жастағы  Лян Цзыфу мен  оның 77 жастағы  зайыбы  Ли Суин  54 жыл бұрын үйленгеннен кейін  Наньчун  қаласына жақын орналасқан үңгірге  қоныстанған.    Сол кезде жас жұптың жекеменшік үйлері болмай, үңгірге көшіп баруға мәжбүр болған. Уақыт өте келе олар тұрғын үйлерін кеңейткен, онда үш жатын бөлме, асүй, қонақ үй және қосалқы шаруашылығы да бар, деп хабарлады РИА Новости.

Басылым жариялаған суретте олардың теледидары мен желдеткіші де бар екені көрініп тұр.

 Осы уақыт аралығында  оларда 4 бала дүниеге келген.