Қытайда ерлі-зайыптылар тыңшылық әрекеті үшін қамауға алынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай соты британиялық Питер Хамфри мен оның әйелі Юй Ин Цзэнді тыңшылық жасағандары үшін айыптап отыр, деп хабарлады BBC

АҚШ азаматтығын алған ерлі-зайыптылар «GlaxoSmithKline» фармацевтикалық компаниясындағы қызметтері ретінде жеке тұлғаларға заңсыз тыңшылық жүргізген. Енді Питер Хамфри 2,5 жылға, Юй Ин Цзэн 2 жылға өмірлерін түрмеде өткізеді. Тергеу нәтижесі бойынша, Хамфри мен Юй британиялық корпорацияның қытайлық филиалындағы қызметкерлердің пара алғаны жөніндегі ақпаратты анықтамақ болған. «GlaxoSmithKline» компаниясының бұрынғы филиал менеджері Марк Рейли өткен жылы корпорациядағы сауда көлемін жемқорлықпен ұлғайтқаны үшін айыпталған болатын. Қазіргі уақытта «GlaxoSmithKline» компаниясына тергеу жүргізілуде.