Қытайда есірткімен күресетін полицей есірткі саудасы үшін өлім жазасына кесілді

АСТАНА. 1 ақпан. ҚазАқпарат - Қытайда Чунцин қаласының есірткімен күрес жөніндегі бөлім бастығының бұрынғы орынбасары есірткі саудасы, сыбайлас жемқорлық және кісі өлтіру қылмыстары үшін өлім жазасына кесілді, деп хабарлады РБК агенттігі.

Сот қаулысында айтылғандай, Ло Ли бірнеше жыл бойы пара алып, есірткі сатушыларды қорғаштап келген. Есірткі саудагерлерінің бірі оның қылықтарын өкімет орындарына жеткізуге қоқан-лоққы жасағанда, ол оны өлтіруге пәрмен берген.

Соңғы кездері Қытай коммунистік партиясы жергілікті бөлімшесінің бастамасымен жүргізілген ауқымды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тергеулердің ауқымында Чунцинде ондаған адамға өлім жазасына үкім шығарылды.