«Біз бұл шешіммен келіспейміз. Аталған сот үкімінің үстінен апелляциялық шағым түсіреміз», - деді Сұңқар Нұрмағамбетов. Естеріңізге сала кетейік, Қытайға шыққан алғашқы сапарында 20 жастағы қазақстандық бойжеткен Ақжарқын Тұрлыбай 3 наурызда Гуанчжоу әуежайында ұсталған болатын. Оның сөмкесінен қытай полицейлері есірткі тапты. Қорғаушы тарап есірткі заттарын Қытайда Ақжарқынның сөмкесіне біреу салып жіберуі ғажап емес, дейді.
12:29, 15 Маусым 2015
Қытайда есірткімен ұсталған 20 жасар қазақ қызына өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қытайда есірткімен ұсталған 20 жасар қазақ қызы Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты сот үкімі шықты. Бірінші инстанция оны өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды. Бұл туралы қорғаушы Сұңқар Нұрмағамбетов хабарлады.