Қытайда ежелгі мазарды тонаумен айналысқан 29 адам ұсталды

Фото: None
ШАНХАЙ.Синьхуа-ҚазАқпарат – Қытайдың шығысында полицейлер көне мазарларды тонаумен айналысқан ірі қылмыстық топты тауып, ұрланған құнды дүниелерді қайтарды. Аталмыш іс бойынша 29 күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Хуайнань қаласы (Аньхой шығыс провинциясы) Қоғамдыққауіпсіздік басқармасыың қызметкерлері қылмыскерлердің ізіне өткен жылы түскен.Тергеу ісі ұсталғандардың Шайқасушы патшалық дәуіріне (б.э.д. 475-221 жж) жататын қабірді үш рет тонағанын анықтады.

Қала полициясы басшысы Ли Аньлиньнің айтуынша,қылмыскерлер қорымнан 75 зат алып шыққан, олардың 26-сы мемлекет тарапынанқорғалатын жоғары деңгейлі мәдени құндылықтар қатарына енген. Тінту барысында күдіктілерден 40келіге жуық жарылғыш зат пен 15 детонатор алынды.

Тоналған мазардың жалпы аумағы 5,8 мың кв.м. Ол 1981жылы Аньхой провинциясының маңызды мәдени ескерткіштерінің тізіміне енген еді.


Соңғы жаңалықтар