Бұл туралы шараның ашылуында сөйлеген сөзінде ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мәлімдеді, деп хабарлайды Қытайдағы «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.
«Осы форум барысында Қытай 30-дан астам елдермен іскерлік және сауда қатынастары келісіміне қол қояды. Бірқатар елдермен еркін сауда туралы келісім бойынша консультацияға кіріседі», - деді ол.
Еске салсақ, Форумға 29 мемлекет, 3 халықаралық ұйым (БҰҰ, Дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры) басшыларымен бірге Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысуда.