Қытайлық ғаламтор желісінің ақпараттық орталығы жетекшісінің орынбасары Цзинь Цзяньның сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта «онлайн-экономика» ҚХР ІЖӨ 7% құрайды, өткен жылы оның үлесі 3,3% болған.
«Ғаламтор пайдаланушыларының 70% виртуалды кеңістіктегі қауіпсіздік мәселесі алаңдатады, соның ішінде жеке мәліметтердің таралуы», - деді ол «Бэйцзин жибао» газетіне берген сұхбатында.
Қытайлық ғаламторды пайдаланушылар тауарды ғаламтор арқылы сатып алуды жөн санайды. Осылайша, 2014 жылдың алғашқы 10 айында онлайн-сатылым 331 млрд. юаньды құрады, бұл 2013 жылғы осы мерзімдегі көрсеткіштен 55,6% артық.