Қытайлық БАҚ-тың хабарлауынша, елдің бірқатар аудандарында тірі құсты сатуға тыйым салынған. Бұл ескерту бірінші кезекте Чжэцзян провинциясына қатысты. Себебі, онда 49 адам осы дертті жұқтырып, 12 адам қайтыс болған. Сондай-ақ құс фабрикалары мен жабайы құстар мекендейтін саябақтар бақылауға алынды.
Бұған қоса, Шанхайдағы құс базары да жабылды. Жыл басынан бері онда 8 адам құс тұмауын жұқтырып, оның тең жартысы көз жұмған. Гуандун, Гонконг, Цзянсу, Фуцзянь және Хунань өңірлерінде де аталған дерттің құрбандары туралы ақпарат тарала бастады. Осыған орай, елдің әкімшілік орталығындағы базарларда 20 мың құстың еті жойылды. Дәрігерлер халыққа тірі құстың орнына мұздатылған етті пайдалануға кеңес беріп отыр, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.