Өрт бүгін, қазанның 20-сы күні таңертең химиялық зауыттан шыққан, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
Ал «Синьхуа» агенттігі оқиға орнына келіп түскен деректер бойынша, өрт болып жатқан аумақта қуатты жарылыстар естіліп жатқанын хабарлады. Куәгерлердің айтуынша, зауыт қара түтінге оралған. Оқиға орнына өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың қосымша күштері тартылып жатыр.
Өрттің шығу себебі мен оның салдарынан келген шығындар туралы да мәлімет жоқ.