БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытай билігі Ляонин провинциясында (Солтүстік-Шығыс Қытай) химиялық зауытта болған жарылыстан кейін жоғалып кеткен адамдарды іздеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Жарылыс салдарынан бес адам қаза тауып, тағы сегіз адам із-түзсіз жоғалып кетті. Оқиға Паньшань уезіндегі күкірт қышқылын алкилдеу зауытында жөндеу жұмыстары кезінде болған.
Қытай министрлігінің мәліметінше, операцияға кәсіби құтқару бөлімшелері жұмылдырылған, оның ішінде 443 өрт сөндіруші және 105 өрт сөндіру көлігі бар.
Фото: aa.com.tr
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.