Қытайда Іле ағысының қатты болуынан, өзеннің Қазақстан аумағындағы бөлігінде су шығынының артуы жалғасуда - ТЖМ
08:35, 30 Маусым 2010
АСТАНА. Маусымның 30-ы. ҚазАқпарат - Қытай Халық Республикасының аумағында Іле ағысының қатты болуынан,
алдағы тәулікте өзеннің Қазақстан аумағындағы бөлігінде су шығынының артуы жалғасатын болады. Бұл туралы Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен мәлім етті.
«Алдағы тәулікте Қытай Халық Республикасының аумағында Іле ағысының қатты болуынан өзеннің Қапшағай су қоймасынан жоғары бөлігінде су шығынының артуы жалғасатын болады», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ ТЖМ-нан мәлім еткендей, сәрсенбі күні, республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысындағы таулы өңірлерде су деңгейінің ауытқуы болады. Ал Сырдария өзенінде, Қайрақұм су қоймасынан шығарылатын су көлемінің ұлғаюы есебінен, Шардара су қоймасына келетін су ағысының одан әрі молая түсуі байқалады.