Қытайда интернетті пайдаланушылар саны 330 млн. адамнан асты

БЕЙЖІҢ. Шілденің 28-і. ҚазАқпарат - Қытайда интернетті пайдаланушылардың жалпы саны 338 млн. адамға жетті,

деп хабарлайды Синьхуа агенттігі. Бұл туралы бүгін ҚХР Мемлекеттік Кеңесі баспасөз кеңсесі бастығының орынбасары Цай Минчжао мәлім етті.

Цай Минчжао интернет мәселесі бойынша Бейжіңде өткен дөңгелек үстелде Қытайда интернетке қолжетімділік 1994 жылы ашылғанын атап өтті. Бес жылдың ішінде қытайлықтардың 25,5 пайызы интернет пайдаланушылары болды. Бұл көрсеткіш бойынша Қытай орташа әлемдік деңгейден асып түсті.

Оның айтуынша, бүгінде интернет елдің қалың бұқарасын қамтуда. Ауылдың жерлердегі тұрғындардың 70 пайызы интернетті пайдаланады.