Қытайда ірі жер сілкінісі тіркелді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайлық Сычуань провинциясында магнитудасы 5,1 балл жер сілкінісі орын алды. Бұл туралы Қытайлық сейсмологиялық орталық хабарлады.

Жерасты дүмпуінің ошағы провинцияның Гардзе-Тибет автономды округінде Литан уезінде 16 км тереңдікте тіркелді, деп хабарлады РИА Новости.

Бұдан бұрын осы уезде  магнитудасы 4,9  балды жер сілкінісі орын алған еді. Әзірге жапа шеккендер мен қирандылар туралы  хабар түскен жоқ.