Қытайда ірі жол апаты болды
09:50, 04 Қыркүйек 2021
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат -Сенбі күні Қытайдың солтүстік -шығысындағы Хэйлунцзян провинциясындағы ірі жол апатынан 15 адам қаза тауып, тағы біреуі жараланды. Бұл туралы ҚазАқпарат Қытайдың орталық телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Жол -көлік оқиғасы Ресей шекарасынан жақын маңда, Боли ауданында болған. Ауыр салмақты жартылай тіркеме мен трактор соқтығысқан.
Апат себептері анықталуда, тергеу жүргізілуде.