Қытайдың Орталық телевидениесі (CCTV) хабарлағандай, шенеунік ірі көлемде қылмыстар жасағаны үшін айыпталды. Үкімді Шаньси провинциясының халықтық соты ақпанда шығарған, бұл апелляциядан кейінгі шешім болатын. Өткен жылы қарашада Чжао Липиннің 2 млн юань сомасындағы жеке мүлкі тәркіленіп, өзі өлім жазасына кесіліп, барлық үкіметтік өкілеттіктерінен айырылған болатын.
Бұдан бұрын сот шенеунікті 2015 жылғы наурызда қасақана кісі өлітргені, сондай-ақ 23,6 млн юань ($3,4 млн) пара алғаны үшін айыпты деп таныған.