Бұл заң құқық қорғау органдарының "мемлекет қауiпсiздiгiне қатер төндiрген" немесе "терроризм" бабы бойынша айыпталған адамдарды алты айға дейiн туыстарына ескертусiз қамауына құқық бередi.
Заңгерлер, қоғам белсендiлерi мен халықаралық құқық қорғау ұйымдары бұл заңның қабылдануына қарсы болды. Amnesty International ұйымы "мұндай тәжiрибе құпия тұтқындаулар мен адамдардың iз-түзсiз жоғалып кетуiне жол ашады" дейдi.