Тайфун сейсенбі күні таңертең Оңтүстік Қытай теңізінің шығыс акваториясына енді, сағатына 30 шақырым жылдамдықпен Гуандун провинциясы мен Хайнань курорттық аралына жылжып келеді.
Болжам бойынша, кешке тайфунның қарқындылығы 50 м/с-қа күшеюі мүмкін. Оның жылдамдығы мен желдің күштілігін ағымдағы жылғы шілдеде Қытайда 60-тан астам адамның өмірін қиған «Раммасун» тайфунымен салыстыруда.
Тайфунның жақындауынан жергілікті билік 90 мың адамды қауіпсіз жерге көшірді, 30 мың кеме портқа кері қайтарылды, Оңтүстік Қытай теңізінде мұнай платформасынан 6 мыңнан астам жұмысшы эвакуацияланды.
Жергілікті БАҚ хабарлауынша, Оңтүстік Қытай теңізі ауданында дауыл кезінде шұғыл жағдай туындаған жағдайға 29 құтқару кораблі мен екі тікұшақ әзірленді. Хайкоу қаласында - Хайнань провинциясының әкімшілік орталығында барлық мектептер жабылды, жергілікті тұрғындар ауызсу мен азық-түлік өнімдерін дайындауда.
Бұдан басқа, Гонконг халықаралық әуежайында 40-қа жуық рейс тоқтатылып, 500-ден астам рейс апат салдарынан кешігуде.
Метеорологтардың болжауынша, Қытай оңтүстігінде таяу күндер жаңбыр күшейіп, жер-жерлерде нөсерлетіп, жекелеген аудандарда 450 мм-ге дейін жауын-шашын болады деп күтіледі.