Қытайда қалың қардан 2,1 млн.-нан астам адам зардап шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың оңтүстігінде Юньнань провинциясында толассыз жауған қар салдарынан 2,1 миллионнан астам адам зардап шекті, деп хабарлады Синьхуа агенттігі жергілікті билікке сілтеме жасап.

Соңғы бірнеше күнде ауа температурасы түсіп, провинцияның кей аудандарында нөлдік белгіге жеткендігі хабарланды. Қолайсыз ауа райы 46 уезді қамтыды. Онда мыңдаған үйлерді қар басып қалды. Қытайдың оңтүстік провинциясының кей аудандарында қар 8 сантиметрге дейін түсті.

Ауа райының қолайсыздығы салдарынан кемінде 47 адам шұғыл көшірілді. Тағы 3,8 мың тұрғынға құтқарушылардың көмегі қажет болды, деп жазды РИА Новости.

Бұдан басқа, қардың көп жаууы мен суықтан егіс алқаптары зардап шекті.

Жергілікті билік зардап шеккен аудандарға жылы көрпе, киім-кешек, азық-түлік жеткізді.