Қытайда қар басқан Аньхой провинциясынан 4 мың адам эвакуацияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбіде Аньхой провинциясында (Шығыс Қытай)  4316 адам 25 қаңтардан бері тоқтаусыз жауған қар салдарынан шұғыл түрде эвакуацияланды, деп хабарлайды Синьхуа.

Азаматтық әкімшілік жөніндегі провинциялық басқарманың мәлімдеуінше, 11  қаладан, Хэфэй, Хуайнань, Уху және Мааньшаньды қосқанда 481 мың адам, сондай-ақ 47 мың гектар ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жер басып қалған қардан зардап шеккен.

Ауа райының қолайсыздығынан келген экономикалық шығын 300 миллион юаньға ( шамамен 47 млн АҚШ доллары) бағаланып отыр.

Зардап шеккен аудандарға азық-түлік, қаражат, киім-кешектер жеткізілуде.