Шэньси провинциясындағы Циньлин тау тізбегі шыңдарының біріне бірінші мамыр мерекесі қарсаңында 30 альпинист шыққан. Олар Қытайдың әр аудандарынан, үш топ болып Цинхай және Чжэцзян провинцияларынан, сондай-ақ Шанхайдан келген. 1 мамырда шың басы борандатып, альпинистермен байланыс үзілді, деп хабарлады South China Morning Post.
Құтқарушылар Шанхай тобынан екі қаза тапқан альпинистің мүрдесін тапты. Шанхайдан тағы бес турист Тайбай тауының шыңынан аман табылды.
Қалған туристерді іздеу жалғасуда.