Жексенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 05.48 шамасында Шығыс Қытайдағы Шаньдун провинциясының Циндао қаласында жауын салдарынан зауыттардың бірінің сүйеніш қабырғасы құлап, 18 адамның өмірін қиып кетті, тағы үшеуі жараланды.
Орталық Қытайдағы Хунань провинциясында нөсер жауын бір адамның өмірін жалмады, 10 мыңға жуық адам көшірілді, апаттан 112 мыңға жуық жергілікті тұрғындар зардап шекті.
Ал Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан автономдық ауданында қатты жауған нөсерден 16,3 мың адам зардап шекті. Апат салдарынан 9 ғимарат қирап, 500-ден астам адам шұғыл түрде көшірілді. Адам шығыны жайлы мәліметтер келіп түскен жоқ. Мұнда апат салдарын жою жұмыстары жүргізілуде.