Қытайда қазақ шебері ең үлкен жылжымалы киіз үйді жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚХР Алтай аймағының Буыршын ауданы Оймақы ауылы Жалғызтал қыстағында 54 жастағы Мұсылманбек Абдұллаұлы төрт шәкіртімен бірге жайлаудағы ең үлкен жылжымалы киіз үйді жасады.

Бұл туралы "Қытайдың халық газеті" сайтында хабарланды. Оның ұзындығы - 18 метр, кеңдігі - 14 метр, биіктігі - 9 метр, диаметрі - 12 метр. Киіз үйдің алдында, оң және сол босағасында 16 ағаш ат орналасқан. Оған бір уақытта 200-ден артық адам сыяды. Мамыр айының ортасында ол Ақкүнгейті жайлауында саяхатшылардың тамашалауына қойылады.