«Қытай Қазақстанның органикалық ауыл шаруашылығы өнімдерін импорттауға мүдделік танытады. Қызығушылық өте зор. Қазақстанның азық-түлік өнімдері астық, ұн, бал, өсімдік майы, әсіресе ет Қытайда өте үлкен сұранысқа ие әрі үлкен тапшылығы бар», - деді Қытай елшісі.
Оның атап өтуінше, бүгінгі күні Қытайға қазақстандық өнімдерді импорттау үшін кедендік және басқа да кедергілерді алу бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр.
«Біз барлық кедергілерді алып тастап, проблемаларды реттеу және Қытай нарығына қазақстандық өнім үшін жақсы мүмкіншілік жасау бағытында жұмыс істеудеміз. Бұл қытайлық тұтынушылар қазақстандық өнімдерді көптеп сатып алуы үшін жасалуда», - деді Ханьхуэй.