Қытайда Қазақстанның мәдени күндері өтеді

АСТАНА. 4 қараша. ҚазАқпарат - 5-11 қарашада Қытайда Қазақстанның мәдени күндері өтеді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

5-11 қараша аралығында Қытай Халық Республикасында Қазақстанның Мәдени күндері өтетіндігін айтқан ол: «6 қарашада Бейжіңде Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің қатысуымен екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі кіші комитеттің 9-отырысы ұйымдастырылады», - деді.