Қытайда казинода болған жарылыс салдарынан 15 адам қаза болды

АСТАНА. 14 қаңтар. ҚазАқпарат - Қытайдың оңтүстігіндегі Гуйчжоу провинциясындағы жасырын жұмыс істеп келген казинода болған жарылыстан 15 адам қаза болды, 8 адам жарақаттанды. Бұл туралы жергілікті басылымдарға сілтеме жасап ИТАР-ТАСС хабарлады.

Жарылыс дүйсенбі күні болған. Кайли қалалық округіндегі Лаошань ауылынан алыс емес жерде кәдімгі шатыр тігілген. «Казиноның» сиқы сол. Оған жергілікті тұрғындардан басқа ешкім бармаған.
Осы жағдайға байланысты тергеуді ішкі істер органдары мен провинцияның партия қызметкерлерінен құралған 7 арнайы топ жүргізіп жатыр. Бұл оқиғаға қатысы бар деген күдікпен сегіз адам ұсталды. «Ойынхананың» иесінің жеке бас мәліметтері анықталуда.