Қытайда киік мүйіздерінің контрабандасы үшін қазақстандық үш азамат ұсталды

БЕЙЖІҢ. 22 маусым. ҚазАқпарат - Киік мүйіздерін Қазақстаннан Қытайға заңсыз жеткізу арналары бұрынғыша тоқтаусыз жұмыс істеуде.

Қытай кеденшілері 12 мамыр күні Алашаңқай бақылау-өткізу бекетінде Алматы-Үрімші халықаралық пойызының жүк бөлімдерін тексеру кезінде ҚХР аумағына кіргізуге тыйым салынған киіктің 719 мүйізін тапты, деп хабарлайды жергілікті БАҚ.
Операция барысында ҚХР құқық қорғау органдары Қазақстанның - 3, Қытайдың бір азаматын ұстады. Жуырда қазақстандықтардың қатысуымен контрабанда туралы қылмыстіқ іс Шыңжаң-Ұйғыр автономды өлкесінің прокуратурасы органдарына жөнелтілді.

Оңай олжаны аңсаған Қазақстан мен Қытайдың браконьерлері мен контрабандашыларына тосқауыл болмай тұр, себебі Қытайда киіктің мүйізі дәстүрлі медицина үшін құнды шикізат болып табылады.