Синьхуа агенттігінің мәліметінше, ҚХР Ішкі Моңғолия автономия өлкесі Алашань аймағы аумағында көмір карьерінде тау жыныстарының құлауынан қаза тапқандар саны алтыға дейін өсті, тағы 47 адам хабар-ошарсыз кетті.
Соңғы ақпарат бойынша, үйінді астынан алты адам құтқарылған.
Қазіргі уақытта оларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Олардың жағдайы тұрақты.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, апат орнында іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.