Онда жарыс қожайындары қарсыластарын 41:4 есебімен ойсырата ұтты. Ал кеше қазақстандықтар жапондықтарға 26:38 есебімен есе жіберсе, оңтүстік кореялықтар солтүстіктегі қандастарын 44:29 есебімен жеңді. Қазақстанның қол добы шеберлері келесі ойынын енді ертең Солтүстік Корея құрамасымен өткізеді. Жалпы бұл дүбірлі додаға берген өтініштерін жарыс басталар алдында Өзбекстан, Катар және Ирак құрамалары кері қайтарып алған болатын.
13:52, 14 Қазан 2011
Қытайда қол добынан әйелдер арасында Олимпиада ойындарының іріктеу турнирі өтіп жатыр
АЛМАТЫ. 14 қазан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қол добынан Қытайда өтіп жатқан әйелдер арасында 2012 жылғы Лондон олимпиадасының Азия аймағы бойынша іріктеу турниріне 6 құрама қатысуда. Айналым жүйесі бойынша өткен бұл бәсекеде ең алғашқы ойын 12 қазанда Қытай мен Түрікменстан спортшылары арасында өткен болатын.