Қытайда қоламен қапталған ежелгі заманғы патша күймесі табылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай археологтары қазба жұмыстары барысында 2,4 мың жыл бұрынғы, Чуньцю дәуіріне жататын патшаның екі аяқты күймесін тапты.

 Мұнымен Чжэн патшалығының билеушісі жүрген. Қазба жұмыстары қазіргі Хэнань провинциясы аумағында (Орталық Қытай), Синьчжэн қаласына жақын маңда бес айдан бері жүргізілуде.

Күйме ғалымдарды өзінің үлкендігімен және сән-салтанатымен таңдандырды. Арбаның ұзындығы 2,56 метр, ені 1,66 метр, күннен және жаңбырдан қорғайтын арнайы шатыры да бар. Сондай-ақ қоламен қапталып, сүйектерден ойып өрнектер жасалған. Әр доңғалағында 62 шабақтан бар. Бұл онымен жүретін адамның әлеуметтік мәртебесі жоғары екендігін көрсетеді.

Екі аяқты күйме билеуші Чженнің мазарынан табылды және оның о дүниедегі сапарына арналған.

«Бұл біз тапқан күймелердің ішіндегі ең үлкені және ең сәндісі»,-дейді Хэнань институты археологтар тобының жетекшісі Ма Цзюньцай.

Оның айтуынша, эежелгі көлік құралы барынша қолайлы. Мұнда тұруға да, отыруға да, тіпті жатуға да болады. Сондай-ақ қазба барысында тағы төрт күйме табылған. Бәрі сол кезеңдегі Чжен астанасына, батысқа қарай жүріп бара жатқандай әсер қалдырады.

Қазіргі жүріп жатқан қазба жұмыстарын қыркүйекке дейін аяқтау жоспарланып отыр. Қорымда жалпы үш мыңнан астам қабір бар, деп жазады Синьхуа.