Қазіргі уақытта ауадағы зиянды заттардың мөлшері қалыпты көрсеткіштен 20 есеге дейін асып кетуі мүмкін деген қауіп бар. Естеріңізде болса, қауіптіліктің қызыл деңгейі бұған дейін Бейжіңде желтоқсанның басында жарияланған еді. Шаһардағы экологиялық жағдайдың нашарлауына көмір жағатын кәсіпорындар мен құрылыс жұмыстары кезінде бөлінетін шаң-тозаң себеп болған, деп жазады khabar.kz. фото: theguardian.com