Қытайда көмір шахтасындағы жарылыс салдарынан 13 адам қаза болды

АСТАНА. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қытайдың орталық бөлігінде көмір шахтасында газ жарылуы салдарынан 13 адам мерт болды, деп хабарлады РБК агенттігі.

Сол мезетте жер астында болған тағы 20 адам тірі қалды. Оқиға Мяньчи уезінде Хэнань провинциясының әкімшілік орталығы - Чжэнчжоу қаласынан 300 шақырым жерде болды.

Соңғы жылдары ҚХР-да кен өндіру өнеркәсібінде қауіпсіздік шаралары едәуір күшейтілді, соған қарамастан Қытай осы саладағы кісі өлімі оқиғалары бойынша әлемде бірінші орында тұр. Өткен жылы 2,6 мың шахтер қазаға ұшырады.