Төтенше жағдай сенбі күні таңертең Шаньси провинциясы Линьфэнь қалалық округі Сянфэнь уезінде болған. Екі қабатты қонақүй белгісіз себеппен қирап, бірнеше ондаған адам үйінді астында қалып қойды.
Оқиға орнына құтқарушылар, өрт сөндірушілер, дәрігерлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері жетті. Жергілікті уақытпен түске қарай үйінді астынан 23 адам шығарылды. Олардың ішінде екеуі қаза тапқан.