Қытайда көпір құрылысына әлемдегі ең үлкен жүзбелі кран қолданылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда Сянган - Чжухай - Аомэнь көпірін салу үшін әлемдегі ең үлкен жүзбелі кран қолданылды, деп хабарлайды Синьхуа.



Көпірді тұрғызу үшін 6,7 шақырымдық су асты тоннелінің құрылысы аяқталды.

 

6000 тонналық біріктіргіш блокты монтаждау үшін «Чжэньхуа-30» әлемдегі ең үлкен жүзбелі кран пайдаланылды. Оның су сыйымдылығы 260 мың тоннаны құрайды. Кеменің ұзындығы 297,55 м, ені - 58 м, ал жүк көтергіштігі - 12 мың тоннаға дейін жетеді.