Сюй Наньпиннің айтуынша, Қытай жаңа вирусқа қарсы вакцинаны әзірлеуді жеделдету үшін бір уақытта бірнеше технологиялық әдістер қабылдаған.
«Індеттің таралуының бастапқы кезеңінде қолданылған нуклеин тестілерін негізге ала отырып, Қытай вирусты диагностикалау үшін жаңа жоғары сезімтал өнімдерді әзірлеу бойынша күш салды. Коронавирусқа қарсы эксперименттік вакцинаны алғашқы емханалық сынақтан өткізу сәуірдің соңында басталады», - деп хабарлады Сюй Наньпин.
Сюй, сондай-ақ, дәстүрлі қытай медицинасы жеңіл инфекциялардың асқыну ықтималдығын төмендетуде өзінің тиімділігін дәлелдегенін атап өтті.