Агенттік мәліметінше, жексенбі елде 40 052 COVID-19 жаңа жағдайы анықталды, олардың басым бөлігінде ауру белгілері жоқ. Бұл Қытай үшін коронавирус пандемиясы басталғалы бері жаңа рекорд. ҚХР-да күзде пандемияның жаңа толқыны басталып, ауырғандар саны рекордтық деңгейге жетті. Ел билігі шектеу шараларын енгізіп жатыр.
Жексенбі күні елдегі бірқатар өңірде антиковидтік шектеулерге қарсы наразылық акциялары өтті.