Жексенбі, тамыздың 8-і күні жүргізілген іздеу-құтқару жұмыстары барысында зардап шеккен 1242 адам құтқарылды, алайда 1294 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында. Қазіргі таңда табиғат апаты салдарының аумағынан 30 мың адам қауіпсіз жерлерге көшірілді.
Ганьсу провинциясының басшылығы апат аумағына қосымша шатырлар, киім, төсек орындар мен ұйықтауға арналған қап жіберілуі үшін Қытай Халық Республикасының Азаматтық әкімшілік министрлігінен көмек сұрады.
Қазір апат орнында іздеу-құтқару шаралары жүріп жатыр.