Қайғылы оқиға елдің оңтүстік-батысында Юньнань провинциясында орын алған, деп хабарлады жергілікті БАҚ.
Келіп түсіп жатқан ақпараттарға қарағанда, бүгін таңертең Юньнань провинциясы Чжаотун қалалық округіне қарасты Гаопо ауылының ауданында сел жүрді. Көшкін салдарынан ауылдың барлық үйлері қирады, жергілікті тұрғындар үйінділердің астында қалып қойды. Ауылда бас-аяғы 67 адамнан тұратын 16 отбасы тіркелген.
Қазіргі уақытта оқиға орнында құтқару жұмыстары жүргізілуде. Көшкіннің себептері анықталуда.
2012 жылдың қазан айында осы Юньнань елді мекеніне қарасты Чжаотун қалалық округінде көшкіннің салдарынан 18 бала ажал құшқан болатын.