Оқыс оқиға салдарынан кем дегенде 8 адам қаза тауып, 16-сы жарақаттанған.
Ішінде 28 турист пен екі жүргізуші болған автобусқа тау жолымен кетіп бара жатқан мезетте жоғарыдан жартас сынықтары құлаған. Келеңсіз жағдай елдің оңтүстік батысындағы Нгава-Тибет автономды округінде жергілікті уақытпен 14:00 шамасында болған.
Автобус Сунгчу үезінен Чэнду қаласын бара жатқан. Полиция тергеу жұмыстарын бастады.