«Baidu» жүйесі Қытай өңірлерінде вирустық аурулардың ықтимал пайда болуын анықтау үшін «тұмау», «жоғары температура» деген сөздері бар ғаламтор пайдаланушыларының сұрауларының мониторингін жүзеге асырады.
Бұл «Baidu» іздеу жүйесін әзірлеуші мамандар Қытайдың ауруды бақылау және оның алдын алу мемлекеттік орталығының мамандарымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді.
Күн сайын «Baidu» іздеу жүйесін 160 млн. қытайлық пайдаланады. Тұмау мониторингін жүргізетін «Baidu» жобасы H7N9 және H5N6 құс тұмауы вирусын жұқтырған адамдар арасында өлім-жітімнің тоқтамауына байланысты аса өзекті болып отыр. Айта кетейік, жыл басынан бері Қытайда H7N9 вирусын 150 адам жұқтырған. Олардың үштен бірі өлім құшқан.