Қытайда құс тұмауынан 43 адам көз жұмды

None
АСТАНА. 11 шілде. ҚазАқпарат - Қытайда құс тұмауына шалдыққан 132 адамның қазірдің өзінде 43-і қаза тапты, деп хабарлады Утро.ру.

Жергілікті биліктің мәліметтеріне сәйкес, өткен ай ішінде аталған вирусты 1 адам жұқтырған, 4 адам көз жұмған.

Әзірше сарапшылар H7N9 вирусының адамнан адамға жұғатындығына нақты көз жеткізе алмай отыр. Дегенмен, ғалымдар бұл вирус одан әрі мутациялану барысында адамнан адамға жұғуы мүмкін деген қауіпте.