АСТАНА. 7 тамыз. ҚазАқпарат - Қытайлық ғалымдар H7N9 құс тұмауының жаңа штаммы адамнан адамға жұғуы мүмкін деген күдікпен алғашқы оқиғаны зерттеуге кірісті.
Елдің шығысында сырқаттанған әкесін күтіп жүрген 30 жасар әйел аталған вирустан көз жұмған. Бұл туралы ВВС хабарлады.
Мамандардың мәліметінше, марқұм бұл дертті жұқтырған үй құстарына мүлдем жақындамаған көрінеді.
Қазіргі кезде вирусологтарда H7N9 дерті адамдар арасында бір біріне жұғуы бойынша деректер тіркелмеген.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.