Қайғылы оқиға сәрсенбі күні таңертең сағат 04:30-да Сыжоуцянь ауылында болған.
Бастапқы мәлімет бойынша, үйіндінің астында үш отбасының 9 мүшесі қалып қойған. Қазіргі таңға дейін тек үш зардап шегуші табылған. Оның біреуі қаза тапса, екеуі ауруханаға жеткізілді.
Бұдан бөлек, оқиға салдарынан провинциалдық маңызы бар жергілікті тасжолдың бірінде қозғалыс шектелді, сондай-ақ Сехэце өзенінің кеме жүретін тұсы жабылып қалды.