«Синьцзинбао» басылымы жексенбі күні хабарлағандай, сағат 22.00-ге қарай (Астана уақыты бойынша 20.00) құтқарушылар 15 адамның денесін тапты.
Табиғи апатқа байланысты ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин көшкін астында қалып қойғандарды шығарып алу үшін барлық күштерді жұмылдыруды тапсырды. Іздестіру-құтқару жұмыстарымен 3 мың адам мен 150 техника айналысуда.
ҚХР ұлттық сейсмикалық орталығының мәліметінше, көшкін Синьмо ауылына 24 маусым күні сағат 05.38-де түсті. 100 секундта түскен массаның көлемі 8 млн текше метрді құрады.