Қытайда лай көшкіні салдарынан құрбан болғандардың саны 29 адамға жетті
07:30, 23 Тамыз 2010
БЕЙЖІҢ. Тамыздың 23-і. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Қытайдың оңтүстік-батысындағы Юньнань уәлаятының Гуншань уезінде лай көшкіні салдарынан құрбан болғандардың саны 29 адамға жетті, тағы 63 адам із-түзсіз жоғалғандар санатында.
Естеріңізге сала кетейік, тамыздың 18-інде Гуншань уезінің Пулади болысының аумағында нөсер жауынның салдарынан лай көшкіні жүрген болатын. Мамандардың анықтауынша, көшкіннің ауқымы 600 мың текшеметрді құраған.