Қытайда метро стансасын «жер жұтып» кетті - ВИДЕО
09:58, 14 Тамыз 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдағы Гуандун провинциясының Дунгуань қаласында салынып жатқан метро станциясын «жер жұтып» кетті, деп хабарлайды Синьхуа ақпараттық агенттігі.
Куәгерлер құрылыстың опырылып құлаған сәтін таспаға түсіріп үлгерген.
РИА Новости-дің хабарлауынша, қайғылы оқиға кезінде стансаның қазаншұңқырында жерасты жұмыстар жүргізілген. Опырылу ауданы 300-ден астам шаршы метрді құраған. ТЖ салдарынан бір адам қаза тапты.