Қытайда мейрамханада болған жарылыстан 31 адам қаза тапты

ИНЬЧУАНЬ. СИНЬХУА-ҚазАқпарат - Қытайдың солтүстік-батысындағы Нинся-Хуэй автономиялық ауданының Иньчуань қаласында орналасқан барбекю мейрамханасында жарылыс болып, 31 адам қаза тапты. Бұл туралы ҚазАқпарат Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: CGTN Global Watch News

Жарылыс жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 20:40-та, Иньчуань қаласындағы Синцин ауданында орналасқан мейрамханада болды. Оған сұйытылған мұнай газының ағуы себеп болғаны хабарланады.

Нинся-хуэй автономиялық ауданының ҚКП комитетінің мәліметінше, жарылыстан 38 адам зардап шеккен, оның 31-і көз жұмды. Қалған 7 адамға медициналық көмек көрсетіліп жатыр, олардың біреуінің жағдайы ауыр.