Қытайда миллиондаған адам эвакуацияланды

Фото: None
БЕЙЖІҢ. СИНЬХУА – ҚазАқпарат - «Лекима» тайфуны салдарынан Қытай шығысынан миллиондаған адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА Xinhua агенттігіне сілтеме жасап.

Алапат дауыл Чжэцзян провинциясының Веньлин қаласына жеткен.Бұл биыл Қытайға төнген тоғызыншы тайфун. Супертайфунның жылдамдығы сағатына187 км айналасында. Синоптиктер дауыл Аньхой, Фуцзянь, Цзянсу, Чжэцзянпровинцияларына және Шанхайға нөсер алып келеді деп болжайды.

Кеше күндіз Чжэцзян провинциясында Төтенше жағдай жарияланды.700 000 адам көшіріліп, уақытшабаспаналарға орналастырылды.

Провинция бойынша жүздеген кеме, 288 рейс, тіпті пойыздартоқтатылды. Жергілікті билік мың адамнан құралған құтқару командасын жасақтап,150 өрт сөндіру машинасын, 153 қайықты дайындап отыр.

Сенбі таңында Шанхайда 253 000 адам қауіпсіз жергекөшірілді, пойыздар тоқтап тұр. Тайфун салдарынан қазірдің өзінде 3 000 ағашқұлап, жүздеген электр сымдары үзілген. Зақым келген электр желілерінің 80-іқалпына келтірілді.

Шанхайдың су тасқынымен күрес департаментінің мәлімдеуінше,қазір қалада нөсер құйып тұр.

Тайфун солтүстікке қарай 15 км/с жылдамдықпен жылжып, барғансайын әлсіреп келеді.

Соңғы жаңалықтар