Alibaba, Tencent, Baidu және т.б. сияқты Қытайдың ірі IT компаниялары монополияға қарсы заңнаманы бұзған. Олар 500 мың юань (шамамен 78 мың доллар) көлемінде айыппұл төлеуі тиіс.
ҚХР нарықты реттеу жөніндегі мемлекеттік басқармасының мәлімдемесінде аталған істердің қаралуы «нарық қатысушылары арасындағы әділ бәсекелестікті қамтамасыз етеді, оны әрі қарай жетілдіре түседі, сонымен қатар кәсіпорындар мен салалардың тұрақты және әділ дамуына ықпалдасады» делінген.
Еске сала кетейік, 18 қараша күні Бейжіңде ҚХР мемлекеттік монополияға қарсы басқармасының құрылып, жұмысын бастағаны туралы хабарланды.
Авторы Руслан Сүлейменов